384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда Жеңіс күніне арналған эстафета басталды

  • 743
  • UPD: 17:47, 04.05.2017

Көкшетауда жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында өткізілетін дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафета басталды.

Биыл бұл спорттық сайыс жетпісінші рет ұйымдастырылды. Сонау 1947 жылы бастау алған шараға жергілікті журналистер, яғни қалалық «Көкшетау» және «Степной маяк» газеттерінің ұжымы ұйытқы болған. Осы жылғы эстафетаны өткізуге қалалық әкімдік қолдау білдірді. Ал сайысты шаһар басшысының өзі бастады. 12 кезеңнен тұратын эстафетаға кез келген қала тұрғыны қатыса алады. «Былтыр бұл жарысқа 800-ден астам адам атсалысса, биыл қызығушылық танытқандар одан да көп»,- дейді ұйымдастырушылар.

 Жалғасбек Сүлейменов, ұйымдастырушы:

- Жыл сайын мұның бұқаралығы артып келе жатыр. 24 команда қатысады. Олардың арасында ер адамдар бір бөлек, қыз балалар бір бөлек, жастарына байланысты бөлек болады. Сондықтан 24 команданың сайысы өтеді. Сол 24 командаға 1, 2, 3-орындар беріледі. Оларға арнайы кубоктар бар және сыйлықтар беріледі. 

Әлижан Жанғали, оқушы:

- Мен осы эстафетаға екі жыл қатысып жүрмін. Әр жылы 4-орын алып жүрміз. Осы мектептің атынан 4-орын алдық. Биыл бізге оңай соқпайды. Өйткені әр колледждерден және әр жерлерден келеді және ересек адамдармен, олармен жарысу өте қиын болады. Осы жылы біз орын алуға тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы