389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дала жұмыстарын қаржыландыру үшін биыл бюджеттен 60 млрд теңге бөлінген

  • 581
  • UPD: 21:55, 05.05.2017

Еліміздің оңтүстік өңірлерінде көктемгі егіс науқаны аяқталып келеді. Жеңілдетілген несие алуға биыл Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан 920 өтініш түсіпті.

Ал Алматы облысының Балқаш ауданындағы «Тамшы-бұлақ» серіктестігі осындай көмекке жүгініп, күріш алқабын кеңейтті.

«Тамшыбұлақ» серіктестігінің басшысы Мұстафа Қалиев су бөгенін ашып, арна суын күріш алқабына бағыттады. Шаруа биыл 1900 гектар жерге ақ маржан себуді жоспарлап отыр. Сондықтан «Аграрлық несиелеу серіктестігінің» 1 жылға 6 пайыздық өсіммен берілетін несиесіне жүгініп, 50 млн теңге алыпты.

Мұстафа Қалиев, «Тамшыбұлақ» ЖШС басшысы:

-14-18 пайызбен де алған кездер болды. Бірақ 6 пайызбен алған бізге тиімді. Өйткені көктем кезінде біз минералды тыңайтқыштар, тұқым аламыз. Соған қажет уақытында сеуіп шығу үшін бізге қаражат керек.

Биыл негізгі басымдық біріккен кооперативтерге беріледі. Егін алқаптарын түрлендіріп, майбұршақ, қант қызылшасы, зығыр, картоп, күріш және күнбағыс еккен шаруаларға несие алу да оңай.

Марат Балпаев, «Аграрлық несиелеу корпорациясы» АҚ Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары: 

-Биыл аграрлық іс-шараларға бөлінген қаражат – 60 млрд теңге. Бұл қаржыны игеру «ҚазАгро» холдингіне қарасты «Аграрлық несиелеу корпорациясы» арқылы жүргізіледі.

Жалпы «Аграрлық несиелеу корпорациясы» арқылы берілетін несие алуға республика бойынша шаруалардан 2 мыңға жуық өтініш  түскен. 

Авторлары: Алмас Сәдуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы