386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде «Димаш» бағы ашылды

  • 949
  • UPD: 10:02, 06.05.2017

Жас натуралистер стансасында 50 түп алма ағашы отырғызылып, баққа әнші Димаш Құдайбергеновтің есімі берілді.

Тәлімгерлер балалардың арасында сауалнама жүргізіп, баққа лайық атау іздеген. Нәтижесінде Димаштың өнеріне тәнті жасөспірімдер бірауыздан әншінің есімін атаған. Жас натуралистер Димаш Ақтөбеге келгенде баққа міндетті түрде ат басын бұратынына сенімді. Әрі әнші өз қолымен егетін бір түп ағаш дайындап қойды. Болашақта алма көшеттерінен басқа жеміс ағаштары да егіледі. Жас натуралистер стансасындағы үйірмелерге 700 оқушы қатысады. Олар жануарлар және өсімдіктер әлемімен танысып, экология мәселелерін зерттейді.

Жанна Өтемұратова, үйірмеге қатысушы:

-  Осы алма ағаштарын біз Димаш ағамыздың құрметіне өсіріп жатырмыз. Ол осы алма ағаштары сияқты өсе берсін! Қазіргі жолын тастамайды деген үміттеміз. Сонымен қатар, алма ағаштарын ақтаймыз, баптаймыз. Олардың жемісі жақсы болуы үшін бәрін істеуге тырысамыз.

Хабар 24 телеарнасы