389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

  • 508
  • UPD: 23:25, 12.05.2017

Шығыс Қазақстанда ойын бизнесімен айналысқан халықаралық қылмыстық топ ұсталды.

Бұл іске қатыстылар ойынханаларды өңірдің түкпір-түкпірінде орнатып, кəсібін дөңгелетіп отырған. Ал Зырян аудандық полиция басшысы мен Өскемен қалалық прокуратурасының өкілі қылмыстың əшкере болмауын қадағалаған. Түскен пайданың дені ресейлік кəсіпкердің есебіне аударылып отырыпты. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

Болатқан Нұрұшкенов, ШҚО прокурорының бірінші орынбасары міндетін атқарушы:

- Өкінішке қарай, бұл соңғы қолға түскендер емес сияқты. Қазір жедел-тергеу тобы істің соңына келді. Олар бұл қылмыстық іс жабылған соң құқық қорғау органдарының заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар болуы мүмкін басқа да қызметкерлерін анықтау бойынша күшейтілген қарқынмен жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы