389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде несие алушылар туралы ақпараттар базасы құрылады

  • 886
  • UPD: 20:43, 13.05.2017

«Коллекторлық қызмет» туралы жаңа заң бойынша бұдан былай «Коллекторлық агенттік» өзінің клиенттері жайлы несие бюросына толыққанды ақпарат беріп отыруы тиіс.

«Бұл талап қарыз алушыларға ғана емес банктерге де тиімді», - дейді сарапшылар. Бұрын банктер мерзімі өтіп кеткен несиелерді коллекторларға қайта сату арқылы қарыз алушылардың несиесін төлеген-төлемегенін біле алмайтын. Енді ондай ақпараттар несие бюросына жинақталады. Ал оны қаржы ұйымдарының 90 пайызы пайдаланады.

Әсем Нұрғалиева, «Бірінші кредиттік бюросы» ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры:

- Бұл барлық есеп-қисапты жүргізуде, сондай-ақ несие алушылар үшін де тиімді деп ойлаймын. Яғни қарыздың төленгенін банктер де, несие агенттігі де біліп отырады. Болашақта тағы да несие алғысы келген адамның банктермен қоян-қолтық жұмыс жасауына жол ашылады.

Хабар 24 телеарнасы