378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада бос орындар жәрмеңкесі өтті

  • 502
  • UPD: 15:16, 17.05.2017

Жәрмеңкеде 60-қа жуық жұмыс беруші 1 жарым  мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Астана қаласының әкімдігі мұрындық болған жәрмеңке жыл басынан бері төртінші рет өткізілді. Мамандықтар қатарында оқытушы, логопед, аспазшы, құрылысшы, мейірбике және мейманхана мен мейрамхана қызметкерлері үлкен сұранысқа ие. Бұған дейін өткізілген 3 жәрмеңкеде 160-қа жуық адам екі қолға бір күрек тапты.

 Еске салайық, Астана қаласы бойынша статистика департаментінің ресми мәліметінше, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 0,3 пайызға төмендеген. Сонымен қатар жыл басынан бері шағын және орта бизнес саласында 6 мыңнан астам жаңа бос жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін осындай 5 жәрмеңке өткізіледі.

Жансая Нағиқызы, жұмыс іздеуші:

- Өз мамандығым бойынша мамандығым стандартизация және сертификация. Жұмыс  табылатынына сенімдімін. Бұған дейін мен құрылыс компаниясында жұмыс істедім. Өз мамандығым бойынша емес. Офис-менеджер болдым.

Олжас Омар, Астана қаласы ХЖҚО директоры: 

- Үш жәрмеңкені өткіздік, оның екеуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі еді. Жәрмеңкеде түрлі мамандықтар, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы мамандықтар, жалпы құрылыс саласындағы техникалық мамандықтар, әртүрлі мекемелер, жеке меншік мекемелер, мемлекеттік мекемелер де бар.

Хабар 24 телеарнасы