389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Құл-Мұхаммед еліміздегі ең ірі жел электр станциясының жұмысымен танысты

  • 639
  • UPD: 21:21, 19.05.2017

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жамбыл облысына барды. Жұмыс сапары барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед еліміздегі ең ірі жел электр станциясының жұмысымен танысты. Сондай-ақ жергілікті шаруалармен кездесіп, ірімшік зауытында болды. Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс алаңын көрді.

Қазақстандағы ең ірі жел электр станцияларының бірі Жамбыл облысында орналасқан. Мұнда жылына 50 миллион кВатт/сағатқа дейін электр қуатын өндіреді. Бұл өңірдегі 150 мыңға жуық халқы бар Қордай ауданын толық электр энергиясымен қамтамасыз етуге жеткілікті. Жалпы құны 12 млрд теңгені құрайды. Жоба Индустриалдандыру картасы мен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржыландырылған. 

Марат Тоқбаев, ЖШС өндіріс жөніндегі директорының орынбасары:

- Жобаның жүзеге асырылуы өңірдегі электр қуаты тапшылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Қосымша жұмыс орындары ашылды. Жергілікті бюджет түсімі артты. Қазір жалпы еліміз бойынша баламалы энергия көздерінен өндірілетін электр қуаты 3 пайызды құрайды. 2020 жылға қарай бұл көрсеткішті 20 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.

Жамбыл облысында ауыл шаруашылығына ерекше басымдық берілген. Былтыр облыс шаруалары жалпы құны 200 млрд теңгеден астам қаржыны құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін өндірді. Сапар барысында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары «Меркі ірімшік зауытына» арнайы барды. Бұл кәсіпорын аймақтағы 70-тен астам сүт өнімдерін өндіретін жалғыз зауыт. Оның тағы бір ерекшелігі құрамына 40 шаруа қожалықты біріктіріп отырғандығын айта кеткен жөн. 

Мұхтар Құл-Мұхаммед, «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығын дамыту үшін миллиардтаған қаржы бөлініп жатыр. Бұл қаражаттарды + тек кооперацияға біріккен кезде ғана тиімді пайдаланады. Ірімшік зауыты 40-қа жуық кооператорлардың басын біріктіріп үлкен кооперация құрып, соның негізінде өнім өндіруді де, оның сапасын жақсартуды да, нарыққа шығаруды да биік дәрежеге көтеріп отыр екен.

Өңірде құрылыс жұмыстары да қарқын алған. Оған тартылған инвестицияның көлемі 32 пайызға артып отыр. Саланың айтарлықтай серпін алуы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының басталуымен тікелей байланысты. Партия төрағасының бірінші орынбасары «Арай» тұрғын алабында жүріп жатқан құрылыс жұмыстарына ат басын бұрды. Жоспар бойынша мұнда 19 көп пәтерлі үй тұрғызылмақ.

Бақытжан Жидебай, құрылысшы:

Үй алып жатқан кісілердің бәрі қуанып жатыр ғой. Үйдің сапасы жақсы. Осының арқасында бәріміз жұмысты болып жатырмыз. +Әрбір қазақстандық отбасын пәтермен қамтамасыз ету саясатын қолдай отырып, халыққа қуаныш сыйлап жатырмыз.

Астаналық мейман партияның облыстық активінің басын қосты. Елбасы ұсынған экономикалық және саяси реформалардың мәні мен маңызын халыққа түсіндіру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Артынша студент жастар мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесті. Шара барысында Президенттің рухани жаңғыру жөніндегі бағдарламалық мақаласында айтылған басым бағыттарға ерекше көңіл бөлді.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 телеарнасы