385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев: БЖЗҚ бойынша тексеру нәтижесі халыққа жарияланатын болады

  • 639
  • UPD: 21:25, 19.05.2017

Еліміздің ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін Әзербайжан халықаралық банкіне салу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

«Хабар» телеарнасындағы «Дәурен Абаевпен ашық диалог» бағдарламасының эфирінде ведомство басшысы қазіргі таңда бұл қаржының дұрыс инвестициялануына қатысты тексеріс жүріп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, тексеру нәтижесі халыққа жарияланатын болады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі: 

- Қазақстанда инфляцияны да есепке ала отырып, зейнетақы қорына мемлекеттік кепілдік берілген. Сондықтан еліміздегі зейнеткерлікке шыққан азаматтардың барлығы зейнетақы алатын болады. Бұған еш күмән келтірмеңіздер. Сары уайымға салынудың жөні жоқ.

Хабар 24 телеарнасы