388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда қылмыспен күреске арналған халықаралық конференция өтті

  • 346
  • UPD: 17:25, 20.05.2017

Қылмыспен күресте ғылым мен тәжірибені ұштастыру керек.

Қостанайда осы мәселені талқыға салған халықаралық конференция өтті. Жиынға Ресей, Америка, Германияның заң саласындағы ғалымдары, психологтар мен әлеуметтанушылар қатысты. Басқосуда белгілі болғандай, Қостанай облысында кәмелеттік жасқа толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу оқиғалары белең алып барады. Жыл басынан бері тек қана облыс орталығында осындай 12 дерек тіркелген. Сарапшылар келеңсіздіктің алдын алу, күрес түрлерін жетілдіру жайлы жаңа әдіс-тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ қоғамға айтарлықтай қауіп тудырып отырған киберқылмыс туралы да сөз болды. Бұл тек алаяқтық қана емес, адамдардың психикасын бұзып, өз-өзіне қол салуға дейін апаратын қатерлі құбылысқа айналып барады. Онымен күресудің бір жолы – халықты дер кезінде ақпараттандыру.

Ольга Зигмунт, Қылмыстық зерттеу орталығының ғылыми кеңесшісі (Германия):

– Адамдардың көбі қазір айналамызда не болып жатқанына мән бермейді. Әркім киберқылмыстың құрығына ілігуі мүмкін. Көпшілік ондай жағдайда не істеу керектігінен хабарсыз, құқығын қорғай алмайды. Қазір кейбір елдерде қылмыстың осы түріне қатаң тосқауыл қойылып, тіпті теріс пиғыл байқалғанның жағдайдың өзінде қылмыстық іс қозғау қарастырылған.

Марат Қайбжанов, Қостанай облысының прокуроры:

– Бұл концеренцияның басты мақсаты – ғылым мен тәжірибені бекіту. Жаһандық сындарға және қылмыстық қауіп-қатерлерге, қарсы тұру үшін құқық қорғау органдарына әлеми ғылыми мүмкіндіктерді қолдану өте маңызды.

Хабар 24 телеарнасы