386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь жерін жаудан азат еткен батырдың топырағы туған жерге жеткізілді

  • 813
  • UPD: 08:11, 21.05.2017

Беларусь жерінде жерленген қазақ жауынгері Жұмағали Қалдықараевтың топырағы туған елі Маңғыстауға жеткізілді.

Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан батырдың есімін ұлықтау шарасы қаладағы «Мәңгілік алау» монументінде өтті. 1941 жылы өз еркімен майданға аттанған ол, 7-гвардиялық дивизия құрамында соғысты. Жұмағали Қалдықараев Днепр шайқасында өзеннен алғашқылардың қатарында жүзіп өтіп, қарсы беттегі жауға ұмтылады. Толассыз оқ жаудырып, өз ротасын шығыннан сақтап қалады. Осы ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған ол, кейін Мозырь қаласын азат ету кезінде мерт болған.

Бағдәулет Байдуллаев, Жұмағали Қалдықараевтың туысы:

- Жастарға, ұрпақтарымызға ұлыларымызды ұлағаттау, ұмытпау, есте сақтау мақсатында барып келдік. Сапарымыз сәтті болды. Белорус халқы біздерді өте жақсы пейілмен күтіп алды. «Батыр ұрпақтары ғана осындай іске бара алады» деп, рухы биік қазақ еліне рахметін айтты.

Хабар 24 телеарнасы