378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысы оқушыларының жазғы демалысты лагерьде өткізуіне бүкіл жағдай жасалды

  • 826
  • UPD: 11:19, 21.05.2017

Павлодар облысында мектеп оқушыларының 99 пайызы жазғы демалысты лагерьлерде өткізеді. Бұл 1-10-сыныпта оқитын 91 мың 450 оқушы.

Облыстық білім беру басқармасы Ертіс өңірінде биыл 760 лагерь ұйымдастыруды көздеп отыр. Оны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 392,9 миллион теңге қаралған. Игі істен өңірдегі ірі өндіріс ошақтары шет қалмайды. Олар әлеуметтік аз қамтылған топқа жататын бүлдіршіндерге арнап, 500-ге тарта жолдама бөледі.

Биыл оқу озаттары, жетім және аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларының балғындары Елордаға халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға барады. Оқушылардың демалысын тиімді ұйымдастыру бағытында Қазақстанның мәдени-тарихи орындарына саяхат жасау да енді. Еңбекпен қамтуға көп көңіл бөлінген. Бес мыңға тарта жұмыс орны ашылып, оқушылар қаланы абаттандыруға атсалыспақ.

Ернұр Дәуенов, облыстық білім беру басқармасы жетекшісінің орынбасары:  

- Осы жазғы демалысты ұйымдастыру кезінде жетім және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары бірінші кезекте қамтылатын болады. Олар тегін қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде қамтылады. Ол 10 мыңға жуық бала. Сонымен қатар осы балалар тегін Астана қаласына ЭКСПО көрмесіне баратын болады. Жазғы демалысты ұйымдастырудың баса бағыттарының бірі - еңбек отрядтарын құру.

Хабар 24 телеарнасы