387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан азаматтары Араб елдеріне визасыз бара алады

  • 606
  • UPD: 21:54, 23.05.2017

Біріккен Араб Әмірліктерінде Қазақстан азаматтары 1 ай бойы визасыз емін-еркін жүре алады. Бүгін екі елдің Сыртқы істер министрлері Қайрат Әбдірахманов пен шейх Абдолла Заид әл-Нахаян тиісті құжатқа қол қойды.

Сонымен қатар шұғыл оқиғалар кезінде екі ел азаматтарына елшілік қызметтер көрсетілетіні жайында сөз болды. Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министірі әл Нахаян өз сөзінде екі елдің өзара қарым-қатынасы ширек ғасыр бойына жалғасып келе жатқанын тілге тиек етті.

Хабар 24 телеарнасы