386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық мерейлі отбасы анықталды

  • 808
  • UPD: 21:19, 26.05.2017

Елордалық Лестегі отбасы мен Бимолдиндер әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінде озық шықты.

Бүгін Астана концерттік залында өткен шараның жүлдегерлеріне арнайы дипломдар мен туристік жолдамалар табысталды. Екінші және үшінші орындардан көрінген 4 отбасы бағалы сертификаттармен марапатталды. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының республикалық кезеңі қыркүйек айында өтеді. Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған бұл шара биыл 4-ші мәрте ұйымдастырылды.

Кенжетай Бимолдина, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазы:

- Сол балапандарымыздың өскеніне өте қуаныштымыз. Немерелеріміз бар. Осындай бақытты заман болып, еліміз тыныш болса екен дейміз. Шаңырақ құрғанымызға 52 жыл болды. Содан бері осы кісі екеуміз бір-бірімізге бір қабақ шыту дегенді білмедік. Осы балаларды тәрбиелеп, еңбекте жүрдік, осы балаларды өсірдік-өндірдік. Енді осы қызығына жетіп отырғанымызға өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы