Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ұлттық киберқауіпсіздік орталығы құрылады

  • 827
  • UPD: 15:26, 29.05.2017

Еліміздің электрондық-ақпараттық ресурсы мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын қорғау мақсатында ұлттық киберқауіпсіздік орталығы құрылмақ.

Осыған орай «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы әзірленді. Жоба Малайзия, Сингапур, Ұлыбритания секілді елдердің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып жасалған. Оны іске асыру екі кезеңнен тұрады. Алғашқысы 2017-2018 жылдары, ал екіншісі 2019-2020 жылдарға арналған. Тұжырымдама ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейді. Кейіннен жинақталған тәжірибені сараптап, заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Аталған сала бойынша IT мамандарын даярлау мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Дмитрий Голобурда хабарлады.

Дмитрий Голобурда, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары:

- Мақсатымыз - ішкі және сырттан үздіксіз келіп жататын ақпаратты зерделеп талдап, бір жүйеден өткізу. Бұл мемлекеттің қауіпсіздігі үшін, қарапайым халық пен корпоративтік сектор үшін аса қажет. Біз атап отырған шаруа жылдам әрі шұғыл атқарылуы тиіс. Осылай ақпараттық коммуникацияға, электрондық ақпараттық ресурсқа зиянды бағдарламалардың тарап кетпеуіне баса назар аударылады. Технологиялық іркілісті болдырмау да міндет.

Хабар 24 телеарнасы