387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада тыл ардагерлері салықты артығымен төлеп келген

  • 809
  • UPD: 08:47, 29.05.2017

Қызылордада салық органдары 207 тыл ардагерінен жарты миллион теңгедей қаржыны негізсіз алған.

Сондай-ақ 200-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат та жер, мүлік, көлік салығын артығымен төлеп келген. Олқылықтың басты себебі – салық төлеушілердің өз құқықтарын білмеуі. Сондықтан прокуратура өкілдері облыс орталығындағы «Қазпоштаның» 180 бөлімшесіне жеңілдіктер туралы ақпарат іліп шықты. Зейнетақысынан жырып артық төлем жасаған жанның бірі – Василий Мищенко. 88 жастағы қарт майдангер соғыс жылдарында шаруашылық көліктерін жүргізген. Тыл ардагері шығын орнын толтырып, заңның үстемдік құрғанына қуанады.

Василий Мищенко, тыл ардагері:

- Мен ұдайы жер салығын төлеп тұрамын. Артық ақша беріп жүргенімді тіпті сезбеппін. Қадағалаушы органның біз сияқты қарт-мүгедектердің мүддесін қорғағаны үшін қуаныштымын. Заңмен бекітілген жеңілдіктер бар екенін енді біліп жатырмын.

Мұрат Досмағанбетов, қала прокуроры:

- Прокуратураның ықпал ету шарасының нәтижесінде 800 мың теңгеден астам алынған салық кері қайтарылып беріліп, олардың құқықтары қорғалды. Жұмысшылардың да конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура назарында. Өткен жылдың өзінде 4 мың жұмысшының 730 млн теңге жалақысы өндіріліп берілсе, ағымдағы жылы 700-ден аса жұмысшының 110 млн теңге жалақысы өндіріліп беріліп, құқықтары қорғалды. 

Хабар 24 телеарнасы