386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада Еуропалық радиологтар мектебі жұмысын бастады

  • 394
  • UPD: 13:24, 29.05.2017

Қазақстандық дәрігерлер біліктілігін тегін арттыруға мүмкіндік алды.

Бүгін Астанада төртінші Еуропалық радиологтар мектебі өз жұмысын бастады. Екі апта бойы Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Өзбекстан дәрігерлері алыс және жақын шетелдерден келген ғылыми профессорлардан тәлім алады. Демеушілердің есебінен өтетін оқулар жүрек пен қан тамырлары, өкпе туберкулезі, сүт безінің қатерлі ісігі, тірек-қимыл аппараты ауруларын алдын алу мен радиациялық қауіпсіздік тақырыптарын қамтиды. Мұнда науқастарды иондалған сәуле диагностикасы арқылы емдейтін мамандар жаңа технологиялармен халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істеуді үйренеді.

Бақыт Дүйсенбаева, Ұлттық кардиохирургия ғылыми орталығының радиология бөлімшесінің дәрігері:

- Жаңа технологиялық жағдайларда қандай өзгерістер болып жатыр, олардың бәрін бізге айтады, көрсетеді. Лекциядан кейін бізде шеберлік сағаттары болады. Онда өздері науқасты қарап, бізге қалай зерттеу керек екенін, қандай программаны қою керек екендігін үйретеді. Радиология – жаңадан дамып келе жатқан ғылым. Сондықтан бізге келіп жатқан профессорлардың бізге  әкелетін білімінің маңызы өте зор.

Хабар 24 телеарнасы