386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің киелі жерлерін дәріптеу аясында «Өлкетанушылар одағы» құрылды

  • 893
  • UPD: 16:49, 29.05.2017

Мәдениет және спорт министрлігі  былтырдан бері 200-ге жуық нормативті-құқықтық актіні бекіткен.

Бүгін қоғамдық кеңесте есеп берген министр Арыстанбек Мұхамедиұлы салаға бөлінген бюджеттің 99,7 пайызы толық игерілгенін айтты.

«Қайта жаңғыртылған «Мәдениет туралы» заң көптеген түйткілдің түйінін шешті», – деді министр. Атқарылған істерге тоқталған ведомство басшысы Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мақаласына да аса мән берді. Соның аясында «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» сынды арнайы алты жобаның мазмұндық негізі құрылған.

Еліміздің киелі жерлерін дәріптеу аясында «Өлкетанушылар одағы» да құрылды. «Бірегей бастама тарихи тағлымы мол мұраларды насихаттап, туризмді дамытуға септігін тигізеді», – дейді министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Біз туризм арқылы өзіміздің Қазақстанның киелі жерлерінжетістіктерін шетелден келген азаматтарға көрсетуге мүмкіншілік бар. Келген туристер Қазақстанды көреді де, өз еліне барғанда мүлде басқаша мемлекет екендігіне көз жеткізеді. Сол жағынан біз жаңадан Үкіметке Қазақстанның туризм саласының дамуы тұжырымдамасының концепциясын ұсындық. Ең бастысы туризм, мәдениет, спорт, рухани жаңғыруды бір бағытта жүргізуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы