Бейжіңде ШЫҰ-ның «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіндегі павильоны таныстырылды

Бас хатшы Рашид Алимовтың айтуынша, ұйым өз тарихында алғаш рет  халықаралық көрмеге қатысқалы отыр.

Сондықтан елордада өтетін маңызды шараға үлкен жауапкершілікпен дайындалған. ЭКСПО көрмесі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Астана саммиті қарсаңында басталуы да айтулы тарихи оқиғаның мәні мен мазмұнын айшықтай түседі. Шанхай алтылығының салмақты сегіздікке айналып, Үндістан мен Пәкістанның мүшелікке кіретін тарихи сәті де Астана халықаралық көрмесімен тұспа-тұс келіп отыр.

«Сондықтан «Болашақтың энергиясы» тақырыбы «Шанхай рухы» ұстанымымен барынша үйлеседі», – дейді Бас хатшы. Ал көрме аясындағы негізгі шара тамыздың 27-інде өтетін «Шанхай марафоны» болмақ. 

Рашид Алимов, ШЫҰ Бас Хатшысы:

-Алғаш рет осындай павильон ұсынылып отыр. Шақырту берген Қазақстан Үкіметіне, алдымен Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа рахмет айтамыз. Біздің павильон 357 шаршы метр, Қытай, Үндістан, Малайзия және Алжир сияқты елдермен көрші орналасқан. Осының өзі бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан біз жақсылап дайындалдық.