387,38 428,91 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«АЛЖИР» музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған конференция өтті

  • 1580
  • UPD: 18:22, 29.05.2017
«АЛЖИР» музейінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған конференция өтті Dixinews.kz

29 мамыр саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде жаппай саяси қуғын-сүргінге 80 жыл толуына орай «Ұрпақтар ұмытпайды» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конференцияға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, сондай-ақ Қазақстан, Ресей, Германия, Беларус және Израильден қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтары қатысты. Олар «Қақ айырылған жұлдыз» ескерткішіне гүлдер себетін қойып,«Алаш» бағында алма ағаштарын отырғызды.

«Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз – саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары мен Қазақстанға жер аударылғандардың, ХХ ғасырдың 30-50 жылдардағы саяси қуғын-сүргін тақырыбын зерттеушілердің естеліктері негізінде ұрпақтардың сабақтастығын көрсету», – дейді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар конференцияда «АЛЖИР» тұтқыны Шәкітай Тәтімованың немересі Сырым Тәтімов, Қонғыр-Қожа Қожиковтың немересі Сәуле Қожикова және басқа да құрбандардың ұрпақтары сөз сөйледі.

Дереккөз: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы