389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте көпірге жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады

  • 384
  • UPD: 20:29, 29.05.2017

Сарапшы мамандар өткелді пайдалану қауіпті екенін айтады. Республикалық маңызы бар күре жолдың үстіне 1960 жылы салынған көпір осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмеген.

Салынған тұста 8 тонна жүк көтеруге есептелген жолмен кейінгі кездері 3 есе артық салмақты көліктер өтіп жатыр. Қазіргі кезде көпірдің жоғарғы қабаты қауіпті деп табылып, көлік қатынасына шектеу қойылды.

Мамандар жөндеу жұмыстарының уақытша шара екенін айтады. Келесі жылы жаңа көпір салуға тура келеді. Бұл жоба сараптамадан өтіп жатыр.

Ерлан Есіркепов, қалалық автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Көпірді салу 2 кезеңнен тұрады. Алдымен көпірдің сол жағы салынып, жол жүруге мүмкіндік беріледі. Жөндеу жұмыстарының уақытында жаңа екінші көпір салынады. Дәл қазір көлік қозғалысына басқа көпір болмағандықтан, көпірді жауып тастай алмаймыз.

Хабар 24 телеарнасы