389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Қазақфильм» жариялаған көркем фильмдер сценарийлері конкурсының мерзімін ұзартты

  • 594
  • UPD: 12:38, 30.05.2017
«Қазақфильм» жариялаған көркем фильмдер сценарийлері конкурсының мерзімін ұзартты

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қысқаметражды көркем фильмдер сценарийлері конкурсын осы жылдың 15 маусымына дейін ұзартты. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақфильм» киностудиясының басшылығы мен киностудияға қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі сценарийлерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы шешімге келіп отыр. Өйткені осының алдында (1 мамырға дейін) жарияланған конкурсқа көптеген қатысушылар өз өтінімдерін жіберіп үлгермеген.

Комиссия мүшелері конкурстың міндеті тек режиссурада ғана емес, сценарлық өнерде де таланттарды ашу екендігін және режиссерлерге бұрындары жарияланған әдеби шығармаларға (қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстарға) ден қоюды ұсынады.

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады.      

Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған) қабылданады.

Конкурстық жұмыстарды debut.kzfilm@gmail.com электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Комиссия іріктеп алған үздік сценарийлер Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде қысқаметражды фильм ретінде өндіріске жіберіледі.

Хабар 24 телеарнасы