384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған митинг өтті

  • 1154
  • UPD: 22:06, 31.05.2017

Мыңдаған жазықсыз жанның қаны төгілген тарихымыздың қаралы датасын Қызылорда жұрты да еске алумен атап өтті.

Олар халқымыздың зиялылары жерленген төбеге гүл шоқтарын қойды. Бүгін қаладағы ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешенге 3 мыңға жуық адам келді. Рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова 3 миллионннан астам адамның өмірі қиылған зобалаң кезеңнің әрбір қазақстандықтың жанына жара салғанын айтты. Ал боздақтардың есімі мәңгілікке жазылған ескерткіштің қайта жаңартылуына жергілікті бюджеттен 142 миллион теңге жұмсалған. Сонымен қатар бұл қаржыға шағын аллея мен арнайы аялдайтын алаңдар да салынған.

Дархан Мыңбай, ҚХА төрағасының орынбасары:

- Тарихтың ащы сабақтары бар. Қаралы, азалы беттері бар. Солар ешқашан қайталанбасын. Бұның өзі біздің халқымыздың, біздің елде тұрып жатқан барлық этностардың басын біріктіре түседі. Өйткені ортақ тарих бар.

Хабар 24 телеарнасы