378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған «Ана» ескерткіші ашылды

  • 1163
  • UPD: 22:06, 31.05.2017

Алматы қаласында XX ғасыр басындағы жаппай ашаршылық жайлаған зұлмат жылдарды шынайы бейнелейтін «Ана» ескерткіші ашылды.

Қола мен граниттен сомдалған биіктігі 3 метрлік еңселі ескерткіш шаһардың Қабанбай мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы «Қарағайлы» саябағына орнатылды.

Аштықтан бұратылған бала – ана құшағында. Бұл бейне халқымыздың ашаршылық жылдарын шынайы суреттейді. Ал төменде төңкеріліп жатқан қазан – шаңырақ қасіретін көз алдыңа әкеледі.

Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымдарының докторы:

- Мынау ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш меніңше орынды жасалған үлкен шара болды деп айтуымыз керек. Ал бірақ бұл жұмыстың ғылыми тұрғыдан, саяси тұрғыдан тәрбиелік тұрғыдан жалғасы болу керек деп санаймын.

Монументтің ашылуына ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері, қала басшысы Бауыржан Байбек қатысты. Сол бір зұлмат жылдарға арнап ақындар жыр толғады.

Түрлі деректер бойынша 1918 -1933 жылдар аралығында Қазақстанда үш милллионнан астам адам ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбаны болған.

Авторлары: Бақыт Бұхарбек, Дінмұхаммед Каликулов, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы