384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада алғаш рет Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтіп жатыр

  • 1506
  • UPD: 11:16, 01.06.2017
Астанада алғаш рет Балаларды қорғау күніне арналған ауқымды мерекелік шара өтіп жатыр

Халықаралық балаларды қорғау күні Астанада балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі өтіп жатыр. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырып отырған шараға еліміздің барлық аймағы да қатысады.

Мөлдір Доспаева, тілші: 

Мереке күні ұйымдастырылып отырған шараға еліміз бойынша жалпы саны 75 мыңға жуық бала мен ересек қатысады. Олардың 4 мыңнан астамы бүгін Елорда көшелерімен жүріп өтеді. 60 жуық музыкалық және шығармашылық ұжым осы алаңдағы шеруде сап түзеді. Атап айтсақ, барабаншылар, үрмелі аспаптар оркестрлері мен ансамбльдері, жастар мен балалар хоры, тіпті Қорғаныс министрлігінің үрмелі аспаптар оркестрі мен, мемлекеттік академиялық филармония музыкаттары да өнер көрсетеді. Шара қала әкімдігі ғимаратының алдынан бастау алады. Бұл жерде ең алдымен «Қара жорға» флешмобы өтеді. Бұдан кейін қатысушылар орталық алаңнан Бейбітшілік көшесі бойымен Абай көшесіне, одан кейін Республика даңғылын бойлай, Кенесары көшесіне дейін жаяу жүріп өтеді. Айта кетейін, мұнда тек балалардың оркестрлері мен музыкалық ансамбльдері ғана емес, бишілер де, әнші балапандар да өнер көрсетеді. Қатысушылардың біркелкі киім үлгісінің өзі әсерлі көрініп, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Шарада тек мектеп оқушылары ғана емес, студенттер, мұғалімдер, колледжер мен жоғары оқу орындарының ұстаздары, ата-аналар мен мәдениет және спорт салаларының өкілдері бар.

Жазира Асанова, Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметкері: 

- Бүкілқазақстандық флешмоб жастар арасындағы музыкалық мәдениетті қалыптастырып, халыққа шат-шадыман көңіл-күй сыйлау максатында өткізіліп отыр. 

Бұл шара еліміздегі ерекше оқиғалардың бірі болып тарихта қалады. Өйткені мұндай ауқымды шеру елімізде бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Айта кетейін, осы сағаттарда Қарағанды обысындағы шеруде 19 мың адам, Оңтүстік Қазақстанда 15 мың, Шығыс-Қазақстан аймағында 9 мың адам жүріп өтсе, Алматы қаласындағы осындай шараға 5 мыңнан астам қала тұрғыны қатысады.

Хабар 24 телеарнасы