389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік дипломаттардың қатысуымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жиыны өтті

  • 736
  • UPD: 12:08, 01.06.2017

Қарағанды облысының Спасск мемориалында шетелдік дипломаттардың қатысуымен саяси қуғын-сүргін мен аштық құрбандарын еске алуға арналған арнайы жиын өтті.

Елшілер ҚАРЛАГ лагерінде тұтқында болып, аштық пен түрлі аурулардан көз жұмған отандастарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Мемориалда орналасқан ескерткіш белгілеріне гүл қойды. Деректерге сүйенсек, ҚАРЛАГ лагерінде 1 миллионнан астам адам тұтқында болған. Ал қаза болғандардың нақты саны белгісіз. Бүгінге дейін 26 елдің өкілі өз жерлестерін еске алу құрметіне мемориал тақта орнатқан.

Эржебет Менцер, Венгрия Парламентінің депутаты: 

- Менің ата-анам лагерьлерде 10 жыл болды. Оның кейбір уақытын Қазақстанда өткізген. Осы күнге дейін тұтқында болған азаматтарды ұмытпай, еске алып отырғаны үшін мен шын жүректен қазақ халқына алғысымды айтқым келеді. Нәубет жылдары  миллиондаған венгр азаматы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

Хабар 24 телеарнасы