386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысының жұрты зұлмат жылдардың құрбандарын еске алды

  • 578
  • UPD: 12:29, 01.06.2017

Жамбыл облысында 5 мыңнан астам адам қуғын-сүргін құрбаны болды.

Оның 845-і - ату жазасына кесілген. Биыл сол нәу-бет жылдарын көзімен көрген қарияның соңғысы 80 жасқа толды. Қаншама жыл өтсе де, солақай саясаттың құрбаны болған ел азаматтары мен түрлі ұлт өкілдеріні бастан өткерген қасіреті бүгінгінің мәңгі есінде болмақ. Әулиеатаның 3  мыңға жуық тұрғыны жазықсыз «халық жауы» атанып, қаза болған бабалардың рухына тағзым етті. Ескерткіш маңына гүл шоқтарын қойып, бір минуттық үнсіздікпен еске алды. Қоғам қайраткерлері белсенділер мен репрессия құрбандарының ұрпақтары қаралы кезеңді еске түсіріп, сөз сөйледі. 

Дүкенбай Ермеков, қоғам белсендісі: 

- Қазақ елінде осы күнді атап, аталардың әруағына тағзым жасап жатырмыз. Бұл Құдайға шүкір, егемендіктің арқасы, мұндай күн қазір қайталанбасын. Қазір тоқшылық заман ұртымыз нанға толған. Халқымыздың көңіл-күйі көтеріңкі, ойындағысын айта алатын осындай бір әдемі заман болып тұр. Осыны ұзағынан сүйіндірсін. Жастар осыны бағалай білсін.

Хабар 24 телеарнасы