386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Сәлем, Жаз» атты тақырыпта концерттік бағдарлама ұйымдастырылды

  • 1070
  • UPD: 13:44, 01.06.2017

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шаралар Астанада да өтіп жатыр.

Дариға Тәшенова, тілші:

Жаздың алғашқы күні күн өз шуағын шашып тұр. Аспан ашық, сондықтан қала тұрғындары мен қонақтарын уақытын көңілді өткізуге шақырамыз. Мерекелік шара мұнымен бітпейді,  бағдарламада бірқатар тосын сый бар. Қазір біз Оқушылар сарайының жанындамыз. Бүлдіршіндер ата-аналарымен бірге орталық саябаққа ағылып жиналып жатыр. Мұнда кішкентай көрермендеріміз үшін «Сәлем, Жаз» атты тақырыпта концерттік бағдарлама әзірленген. Сахна төрінде «Бал бала» байқауының жеңімпаздары мен қаламыздың жас дарындары өнер көрсетіп жатыр.  Ал, бірер уақыттан соң, алаңға ұзақ уақыт бойы дайындық жүргізген балаларымыз Startime флешмобын көрсетуге шығады. Барлық келушілер спорттық және зияткерлік ойындарға қатыса алады. Ал ең кішкентай қонақтар  «Балалар қалашығында» асыр салып ойнап жатыр. 

Айта кетейік, бүгін Оқушылар сарайына келген барлық балаларға тегін балмұздақ таратылып жатыр. Мұндай тосын-сый бүлдіршіндеріміздің көңілінен шығып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы