378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда алғаш рет оркестрлер мен ансамбльдердің шеруі өтті

  • 602
  • UPD: 22:39, 01.06.2017

Таразда алғаш рет балалар мен жастар арасында музыкалық оркестрлер мен ансамбльдердің шеруі өтті.

Мерекелік шарада өңірдің дарынды өрендері біркелкі үйлесімдікпен қимылдап, өнерлерін көпшілік назарына ұсынды. Оған облыстағы колледж және жоғары оқу орындарының студенттерінен бөлек 5 ауданнан келген оқушылар қатысты.

Шария Кашкенова, облыстық мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыру орталығының директоры:

– Киелі Тараз жерінде дарындар өте көп. Бұл жоба, бұл шеру жылдан-жылға жалғасын табуы керек. Себебі біздің еліміз сол ықылым заманнан бері өнерлі дарындарға өте бай. Осы шеруді көре отырып, өзіміз сондай бір мақтанышпен, сондай толғанысты жағдайда отырмыз.

Әнел Сүйінбек, оқушы:

Шеруге келгеніме өте қатты қуаныштымын. Мен барлық қазақстандық балаларға, құрбы-құрдастарыма зор денсаулық, ашық аспан тілеймін. Мен ата-аналарыма зор алғысымды білдіремін. Осындай көңіл-күй сыйлап, шатыққа бөлеп отырғандарыңызға рақмет. Бүгінгі балалар мерекесі құтты болсын! 

Хабар 24 телеарнасы