388,70 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хореографтан дәріс алмаған оқушы өнерімен жұртты тәнті етті

  • 713
  • UPD: 23:29, 01.06.2017

1 маусым Балаларды қорғау күні Павлодар облысында да кең көлемде аталып өтіп жатыр.

Ресейдің Омбы облысымен шектесетін Ертіс ауданы, Қызылжар ауылының оқушылары ата-аналары мен өздеріне қолдау көрсеткен бизнес өкілдеріне арнап, мерекелік кеш өткізді. Бүгінде ауыл мектебінде 180 оқушы білім алады. Жиналғандар әсіресе мың бұрала билеген Диана Қаратайдың өнеріне тәнті болды. Атап өтерлігі, дарынды бала ешбір хореографтан дәріс алмаған. Оның биге деген сүйіспеншілігі ерекше. Өнерінің арқасында аудандық, облыстық байқауларда топ жарып жүр. Оның репертуары түрлі ұлттардың билерінен тұрады. Келешекте үлкен сахнаға шығуды армандайды.

Диана Қаратай, 8-сынып оқушысы:

– Мен өсе келе өте танымал биші болғым келеді. Би билеуді өте ұнатамын. Бидің көптеген түрі бар. Сол билерді үйреніп, барлық жерде билегім келеді.

Дәулет Әбішев, мектеп директоры:

– Біздің білікті азаматтар бар, шаруа қожалықтардың иелері бар. Барлығы мектепке қамқорлық көрсетіп, демеушілік көрсетіп, өздерінің сыйлықтарын беріп келеді. Балалар күніне болсын, Жаңа жыл болсын, 1 қыркүйек болсын демеушілік жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы