385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балалар арасында сурет салудан сайыс өтті

  • 769
  • UPD: 11:28, 02.06.2017

Алматыдағы Лермонтов атындағы театр ұжымы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнап қойылым қойды. Сонымен қатар жас көрермендер арасында санаулы күннен соң ашылатын EXPO-2017 көрмесіне орай сурет салудан сайыс өтті.

Мерекелік шараға шақыру алғандар театр алдындағы алаңға өзінің ой-қиялындағы көріністерді бейнеледі. Ал әртістер флешмоб ұйымдастырып, концерт қойды.  

Томирис Тұрысбекова, балалар үйінің тәрбиеленушісі:

-Бормен асфальтта жаздық. Күлкілі маймылдар бізге спектакль көрсетті. Қазір театрдың ішінде «Тук-Тук» деген қойылым болады.

Хабар 24 телеарнасы