386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түбіртек өткізу арқылы акцияға қатысқандар арасында автокөлік ойнатылады

  • 974
  • UPD: 19:45, 02.06.2017

Түбіртек талап ет те, жүлде ұтып ал! Акцияның бас жүлдесін ұтқанға жеңіл автокөлік беріледі. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде айтылды.

Шараның ұйымдастырушысы - еліміздің қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер департаменті мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Аталған науқан тұтынушылардың мүддесін қорғауды, көлеңкелі экономиканың алдын алуды және кәсіпкерлер арасында әділ бәсекелестікке жағдай жасау мақсатын көздейді.

Айта кетейік, акция 1 мамыр күні басталды. Ол қарашаның 30-на дейін жалғасады. Осы кезең аралығанда  ай сайын барлық облыс пен Астана және Алматы қаласында сыйлықтар ойнатылады. Ұтысқа қатысу үшін сатып алынған тауарға немесе көрсетілген қызмет түріне берілген фискалды түбіртекті суретке түсіріп, Wipon мобильді қосымшасы арқылы жіберсе жеткілікті.

Жамбыл Сұрағанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер департаменті директорының міндетін атқарушы:  

- Біз бұл науқандық шараны бірінші рет өткізіп тұрғанымыз жоқ. Осымен бірнеше жыл қатарынан ұйымдастырып келеміз. Халықтың қызығушылығы жоғары. Былтыр 2 айдың өзінде акцияға 30 мыңға жуық адам қатысып, 1 жарым млн түбіртек өткізді. Сондай-ақ заңсыз жұмыс істеп жатқан 9 мыңнан аса жеке кәсіпкер есепке алынып, 8 мыңнан астам бақылау-кассалық аппараты тіркелді. Биыл да қазақстандықтар акцияға белсенді қатысатынына сенімдіміз. Ал бас жүлде автомобиль жыл соңында ойнатылады.

Хабар 24 телеарнасы