385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астана әуежайының жаңа терминалында жолаушылар кезексіз тіркеле алады

  • 465
  • UPD: 22:18, 02.06.2017

Бірер күннен кейін Астанаға мыңдаған шетелдік қонақ ағыла бастайды. Қазірдің өзінде келіп, орналасып жатқандары бар. Астана әуежайынан ашылған жаңа терминал мүмкіндіктерін талдап көрейік.

Ең басты ерекшелігі ретінде өткізу қабілетін айтуға болады. Өйткені бұрынғы әуежай жылына тек 3 млн адамға есептелген. Ал енді оған жапсарлас орналасқан жаңа терминалдың арқасында көрсеткіш 8 миллионға артып отыр. Сарапшылар бұл өте уақытылы қолға алынған бастама дейді.

Астана мен Алматы әуежайына келіп-кететін жолаушы жылына 68%-ға көбейіп жатыр. Соған қарамастан, 2015 жылы екі әуежайдағы қызмет көрсету көрсеткіші жағынан ТМД елдеріндегі үздік ондыққа кірді. (Дереккөз: naryk.kz)

ЭКСПО  сияқты ірі халықаралық шара кезінде жолаушы ағыны тіптен артатыны анық. Оған бірінен соң бірі ашылып жатқан халықаралық рейстер дәлел. Сәйкесінше, қызмет көрсететін әуе компаниялары да көбейіп жатыр.

Әдимолда Рәділбек, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ бас директоры: 

- Осы жылы маусымнан бастап, сондай-ақ келесі айда Пекинге «Финэйр», «Визэйр», «Эйр Чайна» өз рейстерін ашып жатыр. Сондықтан барған сайын әуе компаниялары көбейді. 18 болды. Одан сайын көбейе береді.

Халықаралық стандарттарға сай келетін терминалды салу үшін 80 млрд теңге жұмсалған. Ғимараттың жалпы аумағы 47 мың шаршы метр болады. Тәулігіне 12 мың жолаушы қабылдауға қауқарлы. Есесіне кезек күтудің қажеті жоқ. Әуежай ішінде тіркелуге арналған онлайн қондырғылар бар.

Авторлары: Аслан Қаженов, Өмірбек Ізім

Хабар 24 телеарнасы