389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

  • 516
  • UPD: 17:28, 03.06.2017
Елорда көшелеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын Sim.kz

Маусымның бесіне дейін Қабанбай батыр даңғылындағы Достық даңғылынан Астана қаласының халықаралық әуежайына дейінгі қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталады. Учаскенің жалпы ұзындығы – 3 шақырым. Қазір ЭКСПО-қалашығындағы коммуналды жүйелердің үздіксіз жұмыс істеп тұру үшін су құбыры мен кәріз жүйелерінде жұмыс қарқын алған. Шамамен 98% аяқталды.

Сондай-ақ Орынбор көшесінен №26 көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілерге арналған жолды салу жұмыстары да жүргізілуде. Керей-Жәнібек хандар көшесі мен №27 көше аралығындағы ұзындығы 1,4 шақырым Түркістан көшесінің жол құрылысын 8-маусымға дейін аяқтау жоспарлануда. 

Бұдан бөлек, қаладағы Ақмешіт көшесіндегі Керей-Жәнібек хандар көшесінен №24 көшесіне дейінгі және № 26-нен № 27 көшесіне дейінгі учаскелерде де құрылыс қарқынды. Инженерлік желідегі жұмыстар аяқталды, жол белгілері салынуда. 1 маусымға дейін асфальтобетон төселіп, көшені абаттандыру жоспарланған.

2016 жылдан бері №24 көшесінің учаскесінде Қабанбай батыр даңғылынан Еңбекшілер көшесіне дейінгі аралықта құрылыс жүргізілуде. Жоба 2018 жылға дейін жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін Қабанбай батыр даңғылынан Мәңгілік ел көшесіне дейінгі аумақта инженерлік жұмыстар тәмамдалды. Төменгі қатқа асфальтобетон төселді, енді жоғары қатты 2 маусымға дейін аяқтау жұмыстары жүргізілуде.

№26 көшесінің учаскесіндегі құрылыс бойынша Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аумақта инженерлік желі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Түркістан көшесіне дейінгі аумақты асфальттау, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары шілденің 5-не дейін аяқталады.

2017 жылға дейін № 1 ауданда (№19 көшесінің оң жағы) инженерлік желі жұмыстары аяқталды. Биыл асфальтобетонды төсеп, абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазір жаяужолды салу жұмыстары жүргізілуде. Аталған аумақ 5 маусымға дейін ашылады.

Түркістан көшесі бойынша (№34) желілерді тарту жұмыстары аяқталды. Аумақ 5 маусымға дейін ашылады.

Сонымен қатар №31 көшесінде де Тұран даңғылынан «Нұра Есіл» каналына дейінгі аумақта да құрылыс жүргізілуде. Желілерді тарту жұмыстары аяқталды, кәріздер КСС-на қосылды. Жолдың жоғары қатын төсеу жұмыстары толық жүргізілді. 25 мамырда басталған асфальтбетон төсеу жұмыстары маусымның 5-і аяқталады.

Байтұрсынов көшесі бойынша жол қатынасы бар, абаттандыру аяқталды. Сыртқы жарықтандыру жұмыстары 1 маусымға дейін аяқталады. №А53 көшесінен №А62 көшесіне дейінгі абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жұмыстары 5 маусымға дейін аяқталады. 

Нәжімеденов көшесі бойынша да жол қатынасы бар, абаттандыру жұмыстары аяқталған. Сыртқы жарықтандыру 1 маусымға дейін аяқталуы тиіс.

А82 көшесі бойынша су құбыры, кәріз және жылу құбырлары желілеріндегі жұмыстар аяқталды. А62 көшесі бойынша абаттандыру және сыртқы жарықтандыру жұмыстары 5 маусымға дейін аяқталады.

astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы