389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкектен аттанған эко-автошеру Қарағандыға жетті

  • 591
  • UPD: 22:51, 04.06.2017

31 мамырда Қырғызстанның Бішкек қаласынан аттанған «Болашақ энергиясы» эко-автошеруі бүгін Қарағанды қаласына жетті.

Автошерудің мақсаты отандық ғалым-инноваторлар мен «жасыл» технология алаңындағы өнертапқыштарды қолдау әрі «жасыл» экономиканы насихаттау. Ертең олар Астанаға келеді. Шеруге қатысушылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылуына қатысады. Эко-автошерудің ресми серіктестерінің бірі қырғызстандық өнертапқыш Мұратбек Сұлтанбеков. Ол өзі ойлап тапқан эко-велосипедімен мың жарым шақырымды артқа тастады. Сонымен қатар автошерушілердің қатарында сутегі генераторымен жүретін көлік те бар. Бұл заманауи экологиялық таза құрылғының авторы Диас Оралов.

Диас Оралов, автошеруге қатысушы:

– Біз халыққа заманауи экологиялық таза өнімдердің жұмысын және болашақтағы қатынас құралдарын түсіндіріп келеміз. Әсіресе жастарға, сондай-ақ ауыл тұрғындарына отандық өнімді қолдану тиімді екенін жеткізгіміз келеді. Бұл заманауи отандық өнімдер ауаны да таза ұстауға септігін береді.

Хабар 24 телеарнасы