386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл полицейлері бір мезетте «Адай» күйін асқақтата тартты

  • 806
  • UPD: 13:05, 07.06.2017

Петропавлдық тәртіп сақшылары Қазақстан полициясының 25 жылдығына арнап елден ерек флешмоб өткізді.

Құқық қорғаушылар орталық көшеде қаз-қатар тұра қалып, күй атасы – Құрманғазының күйі «Адайды» бір мезетте асқақтата тартты. Кіші сержанттан бастап майорға дейін домбыраның құлағында ойнап, көпшіліктің көңілін көкке көтерді. Тұрғындар ұлттық саз аспабын ұстаған тәртіп сақшыларын суретке түсіріп, өнеріне тәнті болды. Сонымен қатар олар ашық аспан астында мерейлі дата «25» саны мен «ішкі істер органдары» деген жазуды бейнеледі. Шараға 500-дей адам қатысты.

Жанат Сұлтанов, облыстық ІІД жол патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары:

– Мен полиция қызметінде 10 жыл бойы қызмет атқарып келе жатырмын. Қызмет өте қиын. Қиын болғандықтан, осы қызметті Отанымыз үшін, өзім үшін, елім үшін таңдадым. Қоғамның тыныштығын қорғаймыз. Бұл өте пайдалы, қызықты әрі қажет деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы