383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан ең танымал көне қалалар тізімінде көш бастап тұр

  • 1123
  • UPD: 22:36, 07.06.2017

Көне Түркістан – ТМД аумағындағы ең танымал қала. 1500 жылдық тарихы бар, ер түріктің бесігіне айналған шаһардың аты әлемге әйгілі.

Одан кейінгі тізімді Өзбекстанның Самарқанд, Бұқара қалалары жалғайды. Ал 2 мың жылдан астам тарихы бар Тараз төртінші орыннан көрінді. Түркістанға жыл сайын 1 миллионнан астам, Таразға 500-ден астам турист келеді екен.

Сондай-ақ ең танымал 10 тарихи қаланың тізіміне Әзербайжанның Гянджа, Беларусьтың Витебск, Тәжікстанның Худжанд, Арменияның Гюмри, Түркіменстанның Мары қалалары енді. Бұл зерттеулерді халықаралық «Турстат» агенттігі саяхатшылардың пікіріне сүйеніп жасаған.

Хабар 24 телеарнасы