386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда әкімдігінің еріктілеріне Mc Donald´s желісі 46 мың тегін купон ұсынады

  • 380
  • UPD: 23:01, 07.06.2017
Елорда әкімдігінің еріктілеріне Mc Donald´s желісі 46 мың тегін купон ұсынады WallpapersCraft

«ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесін өткізу аясында Астана қаласының 1500 еріктілерін тегін тамақтандыру бойынша ресми серіктестік ретінде әлемдегі тез қызмет көрсететін ірі мейрамхана желісі таңдап алынды.

Бұл жайында Астана әкімдігі мен компания басшылығы арасындағы келісімшартқа қол қою кезінде белгілі болды.

«Еріктілерді үш мезгіл тамақтандырумен толық қамтамасыз етуге мән беріп отырмыз, ал McDonald,s компаниясымен серіктестік қосымша тамақтандыруға бағытталған, яғни жұмыс уақытында немесе одан кейін, я болмаса демалыс кезінде», – дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Еріктілер көрме кезеңінде үш Mc Donald´s мейрамханасында тамақтана алады. Олар Қабанбай батыр даңғылындағы, MegaSilkway ОСО және «Керуен» ОСО жанынан 20 маусым күні ашылатын жаңа мейрамхана деп хабарлайды компания өкілдері.

«Еріктілерді тамақтандыруға төленетін 50 млн теңге тұтастай біздің тараптан жұмсалады. Қалалық әкімдікпен байланыс тығыз әрі жастар саясаты мәселелері басқармасымен де қуана жұмыс істейміз. Осындай маңызды әлеуметтік жобаларды қашанда қолдауға дайынбыз», – дейді Mc Donald´s бас директоры Ленар Кутлин.

Тараптар мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі арқылы осындай мазмұндағы әлеуметтік жобаларды қолдаудың маңызы зор екенін әрі болашақта да серіктестік жалғаса беретінін айтты.

Дереккөз: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы