380,56 429.20 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте бос орындар жәрмеңкесі өтті

  • 545
  • UPD: 12:27, 08.06.2017

Шымкент қаласында болашақ мемлекеттік қызметкерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Келушілерге бас маманнан бастап бөлім басшыларына дейінгі лауазымды қызметтер ұсынылды. Заңгерлерге де сұраныс түсті. Жұмыс берушілер барлығы 400-дей орынға адам іздеді. Сондықтан студенттер мол мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысты. Оларды негізінен қалалық әкімдік пен прокуратура қызметі қызықтырды. Ең көп Мемлекеттік кірістер департаменті 20 қызметкерге сұрау салды. Жәрмеңкеде тұрғындар бос орындарды біліп қана қоймай, байқауға қатысу шарттарымен танысты.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметкерлердің аттестациясы аяқталды. Оның қорытындысы бойынша 25 адам жұмыссыз қалса, 61-інің қызметі төмендеді.

Айдана Бердібекова, қала тұрғыны:

- Жұмысқа тұрған кезімде өзімді жоғары деңгейде көрсетуге тырысамын. Өйткені 4 жыл бойы алған білімімді жұмыста көрсетіп, жемісін жегім келеді.

Хабар 24 телеарнасы