386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әуежайға Будапешт-Астана бағытындағы тұңғыш әуе рейсі келіп қонды

  • 446
  • UPD: 23:54, 08.06.2017
Әуежайға Будапешт-Астана бағытындағы тұңғыш әуе рейсі келіп қонды Фото: facebook.com

EXPO қарсаңында еліміздің тарихындағы тұңғыш Будапешт-Астана әуе рейсі ашылды.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Будапешттен ұшып шыққан алғашқы әуе рейсі Астана әуежайына келіп қонды.

Айта кетейік, әуе билеттері сәуір айынан бастап сатыла бастаған еді. Мажарлық ағайындармен енді арамызды бар-жоғы бес сағат бөліп тұр. Екі қаланы «Wizz Air Hungary Ltd» компаниясы байланыстырады.

Хабар 24 телеарнасы