378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл Алматы облысында 30 лагерь жұмыс істейтін болады

  • 1164
  • UPD: 19:58, 10.06.2017

Биыл Алматы облысында «Нұрлы жаз-2017» жазғы маусымы шарасы барысында 30 лагерь жұмыс істейтін болады.

Солардың бірі «Арман дала» сауықтыру лагері салтанатты түрде өз жұмысын бастады. Әр лагерьде балалардың жан-жақты дамуына және салауатты өмір салтына дағдылануларына бағытталған бағдарламалар әзірленген. 

Нұрсұлтан Нұрланбеков, оқушы:

- Осы лагерьге екінші рет келіп тұрмын. Осы жақта күшті вожатыйлар, сосын балалар жақсы. Достарым да бар. Бұрынғы лагерге келген достарым да бар.

Демалыс орындарындағы негізгі мақсат - баланың ой өрісін дамыту, мәдениетін арттырып, шығармашылыққа баулу. Спортта, туризм мен өлкенатуда түсінік-танымын кеңейту. Сонымен қатар лагерь өкілдері арасындағы бала тәрбиесі мен  демалысты сапалы  ұйымдасытру ісінде тәжірибе алмасу.  

Жақсылық Омар, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Биыл 30 мыңға тарта аз қамтылған отбасылардың балалары осы жазғы лагерлерде дамалатын болады. Үшінші мәселе біздің облысымыздың 5 мың баласы Експоны тамашалап, Астанаға жол татартады. Бұған облыстық бюджеттен 250 млн теңге қарастырылды. Ертеңнен бастап сол балаларымыз Астанаға сапарларын жасайтын болады.

Облыстағы «Нұрлы жаз-2017» балалардың кезекті демалыс маусымының ашылуы жағымды жаңалыққа толы.

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбай

Хабар 24 телеарнасы