387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі балалар көрермендер назарына ерекше қойылым ұсынды

  • 641
  • UPD: 11:24, 11.06.2017

Ақмола облыстық драма театрында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен жаңа қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Мүгедек балалар мен ата-аналары «Үйшік» деп аталатын қойылымдағы образдарды бірге сомдады. Бұл жоба театр қызметкерлері мен «Өмір» отбасылық тәрбие орталығының қолдауымен жүзеге асып отыр. Мақсат балалар мен ата-аналардың қоғамдағы әлеуетін арттыру.

Жібек Тәжібаева, қала тұрғыны:

Баламның аты-жөні – Мәуленов Ерасыл. Біз осы жобаға бір жылдан бері келіп жүрміз. Осындай жоба ашқандарыңыз үшін көп рақмет айтамын.

Хабар 24 телеарнасы