384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғандықтар МӘМС жүйесіндегі мәртебелерін анықтады

  • 466
  • UPD: 18:07, 12.06.2017

Емханаға тіркел де, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңді анықта! Талдықорғанда осындай шара жалғасып жатыр.

Мақсаты – еліміз бойынша 1 шілдеден бастап жүзеге асқалы отырған міндетті медициналық сақтандыруды насихаттау. Бұл жаңашылдық талдықорғандықтардың өздері қалаған жерден сапалы қызметке жүгінулеріне мүмкіндік береді. Ал акция қаланың көрікті жерлерінің бірі – Қаратал өзені жағасында өтті. Медицина мамандары мен еріктілер тобы кішігірім флешмоб ұйымдастырып, міндетті медициналық сақтандырудың пайдалы жақтары жазылған қағаздар таратты.

Дана Байсакова, қалалық №2 емхананың терапиялық бөлімінің меңгерушісі:

– Халық көп жиналатын жерлерде біздің емханаға тіркеу жасап жатырмыз. Күнде 20 адамнан тіркеу жасаймыз. Осы 5 сәуірден бастап 52 мың 500 адамның өз мәртебесін анықтадық.

Жанна Арынбекова, қала тұрғыны:

– Денсаулық – əр адамның өмірінде бірінші орындағы мəселе. Сондықтан мұндай шаралар көп ұйымдастырылса деймін. Міндетті медициналық сақтандыру туралы көп мағлұмат алдық.

Хабар 24 телеарнасы