384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда бірқатар әлеуметтік нысан қолданысқа берілді

  • 594
  • UPD: 11:45, 13.06.2017

Оңтүстіктегі қасиетті Түркістан шаһарында бірқатар әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді.

Жыл сайын халық саны артып келе жатқан Шорнақ ауылында емхана іске қосылды. Медициналық мекеме күніне 100 адам қабылдауға қауқарлы.

Жедел құрылыс нәтижесінде ауылда екі қабатты ғимарат пайда болды. Онда қазір 51 бөлме және күндізгі бөлім үшін 8 төсек-орны орналастырылған. Заманауи құрылғылар да бар.

Жүйнек ауылдық округіндегі тұрғындар үшін де қуанышты күн болды. Мұнда 120 бүлдіршінге арналған балабақша ашылды.

Зәуре Баймұрзаева, зейнеткер:

- Біздер осы жаңа емхананың ашылуын ұзақ күттік. Міне, Алла сәтін салып бүгін міне ашылу құрметіне куәгер болып отырмыз. Шорнақтың 13 мың халқына арнап салынған ішінде түрлі заманауи құрылғылар бар жаңа емхананың ашылуына осыған басшылық жасаған басшыларға, Елбасымызға, мынау ауыл халқының атынан алғысымызды білдіреміз. Біз қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы