384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгриядан келген мажар спортшылары ат құлағында ойнайды

  • 720
  • UPD: 21:59, 14.06.2017

Елордадағы «Қазанат» ипподромында Венгриядан келген спортшылар ат спорты түрлерінен шеберлігін паш етті.

EXPO 2017 халықаралық көрмесіне келген бауырлас елдің өкілдері де ат құлағында ойнай алатынын көрсетті. Ат тұяғы жеткен жерге дейін жаулаған атақты Атилланың ұрпақтары жамбы ату, теңге ілу, аударыспақтан қарым-қабілеті зор екенін байқатты. «Мажар-Тұран» қорының (Magyar Turan Foundation-ред. Хабар 24) қолдауымен келген қонақтар енді Алматы облысын да аралап қайтпақ. 

Андреас Жолт, «Мажар-Тұран» қорының президенті: 

- Қазақ туысқандарға Мажарстаннан шын жүректен сәлем. Мажарстанда қазақтардың орталығы бар. Мәдениет, тіл және тарихымыз ортақ. Ата-бабаларымыз да ортақ. Мажарлар 600-700 жыл бұрын Орта Азиядан Еуропаға, Батысқа кетті.

Хабар 24 телеарнасы