386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында үздік дәрігерлер марапатталды

  • 474
  • UPD: 15:31, 16.06.2017
Алматы облысында үздік дәрігерлер марапатталды Женский интернет журнал LadyElena

Жетісу жеріндегі озық медицина мекемелері мен үздік дәрігерлер марапатталды.

Мерекеге орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы бойынша Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық ауруханасы мен Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы және Ұйғыр ауданына қарасты Сұңқар ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ал Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасы Алматы облысының үздік медициналық мекемесі атанды. Шара барысында жүлдегерлерге 500 мың теңгеден табыс етілді. Алматы облысының үздік дәрігері номинациясы бойынша тағайындалған темір тұлпардың кілті Іле аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Айдын Елікбаевқа табыс етілді. Еркін дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Әскербек Оралбаев үздік ауыл дәрігері атанды. Облыс әкімі Амандық Баталов оған да темір тұлпардың кілтін тапсырды.

Әскербек Оралбаев, Еркін дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі:

- Осы жеңіс Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз халқына деген, ауыл халқына деген, еліне, жұртына деген зор еңбегі деп білемін. Ол кісі айтқандай, «Халықтың болашағы –  біздің жарқын болашағымыз». Елбасының саясатын облыс әкімі Амандық Ғаббасұлының жүйелі түрде жүргізіп жатқанының куәсі менің қолымдағы кілт пен ақ тұлпарлар.

Хабар 24 телеарнасы