386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алдағы тәулікте Астанада күн ыстық болады

  • 645
  • UPD: 09:57, 17.06.2017
Алдағы тәулікте Астанада күн ыстық болады Фото: Lada.kz

17 маусым күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен жел соғады.

Түнде температура көрсеткіші +20, +22°С, күндіз +33, +35°С.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Синоптиктер 18 маусымда көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын жауады, найзағай ойнайды деп болжайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен, кей жерлерде 15-20 с/м жел соғады. Түнде температура көрсеткіші +21, +23°С, күндіз +33, +35°С.

19 маусым күні де Астанада көшпелі бұлт шығып, түнде жауын жауады, найзағай ойнайды. Батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен, кей жерлерде 15-20 с/м жел соғады. Түнде температура көрсеткіші +15, +17°С, күндіз +26, +28°С.

Хабар 24 телеарнасы