385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Василий Жиров «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың айқын үлгісін танытты

  • 432
  • UPD: 20:19, 16.06.2017

Аты аңызға айналған боксшы Василий Жиров «Туған жер» бағдарламасын іске асырудың айқын үлгісін танытты.

Мұхиттың арғы жағында тұрып жатқан жерлесіміз еліміздің экология мәселесіне алаңдап, қоршаған ортаны қорғауға қатысты бірқатар бастама көтеріп жүр. Әсіресе өзі туып өскен Балқаш өңірінің жолбарыстарын сақтап қалуға барын салмақ. Осы мақсатта ол Қазақстанға келіп, мамандармен кездесті, аймақтарды аралады және өзі сияқты басқа да спортшыларды аталған мәселеге бей-жай қарамауға шақырды. Сонымен қатар «Байтақ болашақ» экологиялық альянысының АҚШ-тағы елшісі болып, еліміздің бай табиғатын кеңінен насихаттамақ.

Айта кетейік, Василий Жиров – бокстан Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы және кәсіпқой бокста алғаш өнер көрсеткен жерлесіміз. Сол кездегі лақап аты да «Балқаш жолбарысы» еді.

Василий Жиров, Олимпиада чемпионы:

Туған жерге қызмет ету кез келген адамның парызы деп білемін. Сондықтан «Байтақ болашақ» экологиялық альянысымен бірігіп, үлкен қадам жасап жатырмыз. Оның аясында тек өзім туған Балқаш өңіріндегі ғана емес, еліміздің барлық аймағындағы экологиялық мәселелерді негізге аламыз. Шешу жолдарын іздейміз.

Хабар 24 телеарнасы