384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісу өңіріндегі үздік дәрігерлерге темір тұлпар табысталды

  • 560
  • UPD: 11:58, 17.06.2017

Жетісу жеріндегі озық медицина мекемелері мен үздік дәрігерлер де марапатталды.

Мерекеге орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы бойынша Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылдық ауруханасы мен Еңбекші қазақ аудандық орталық ауруханасы және Ұйғыр ауданына қарасты Сұңқар ауылдық дәрігерлік амбулаториясы жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ал Талдықорған қалалық көп салалы ауруханасы Алматы облысының үздік медициналық мекемесі атанды. Шара барысында жүлдегерлерге 500 мың теңгеден табыс етілді. Ал «Алматы облысының үздік дәрігері» номинациясы бойынша тағайындалға темір тұлпардың кілті Іле аудандық ауруханасы хирургия бөлімінің меңгерушісі Айдын Елікбаевқа бұйырды. Сондай-ақ Еркін ауылдық дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі Әскербек Оралбаев  «үздік ауыл дәрігері» атанды. Облыс әкімі Амандық Баталов бұл маманға да темір тұлпардың кілтін тапсырды.

Әскербек Оралбаев, Еркін дәрігерлік амбулаториясының меңгерушісі: 

- Осы жеңіс Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өз халқына деген, ауыл халқына деген, еліне, жұртына деген зор еңбегі деп білемін. Ол кісі «Халықтың болашағы – ол біздің жарқын болашағымыз» дейді. Елбасының саясатын облыс әкіміміз Амандық Ғаббасұлының жүйелі түрде жүргізіп жатқанының куәсі мына менің қолымдағы кілт пен ақ тұлпарлар.

Хабар 24 телеарнасы