384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде дерті асқынған 2 адамға бауыр алмастыру операциясы жасалды

  • 712
  • UPD: 12:53, 17.06.2017

Ақтөбеде дерті асқынған 2 әйел адамның бауыры жедел түрде  алмастырылды.

Санаулы күндері қалған сырқаттарға туыстары донор болған. Ақтөбелік дәрігерлерге көмекке Оңтүстік Кореядан білікті дәрігер келіп, операцияның басы-қасында жүрді. Профессор Кванг Вонг Ли бұған дейін де бірнеше рет келіп, жергілікті дәрігерлерге шеберлік сағаттарын өткізген еді. Күрделі операция сәтті аяқталып, науқастар қажетті ем-домын алып жатыр. Жалпы соңғы 2 жылда облыста 29 бүйрек, 9 бауыр алмастыру операциясы жасалды. Оның ішінде 6 науқасқа қайтыс болған адамдардың органдары салынған. 

Ерлан Сұлтангереев, облыстың бас хирургі:

- Құрал-жабдықтар алып, биохимиялық зертхана ашамыз деп жатырмыз. Ақтөбе облыстық ауруханасында 200-ден астам анализ алатын боламыз. Қан орталығында НТ типтік деген зертхана ашуды жоспарлап жатырмыз, мына, трансплантологияда науқастардың бір-біріне сәйкестігін анықтауға зертхана болса, біздің Ақтөбе қаласында, уақыт үнемдеуге жақсы, өйткені асқыну болмайды деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы