384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбарыс сұлтаннан қалған жәдігерлер Каирден Астанаға әкелінді

  • 503
  • UPD: 13:18, 17.06.2017

Астана тұрғындары мен қонақтары алғаш рет Бейбарыс сұлтан дәуіріндегі жәдігерлерді көруге мүмкіндік алды.

Каирдегі Ислам өнер музейінен арнайы жеткізілген экспонаттар арасында Бейбарыстың жазбасы қашалған алтын динарлар мен құран кітабын сақтайтын сандықша бар. Жалпы саны 22 көне жәдігер енді тамыз айына дейін елордадағы Ұлттық Музейде көпшілік назарына ұсынылады. Айта кетейік, Ұлы дала перзенті, қыпшақтың Ел бөрілі тайпасынан шыққан Бейбарыс сұлтан Мысыр жерінде 1260-1277  жылдар аралығында билік құрды. Ол тақта отырған кезде Мысыр қуатты мемлекетке айналды.

Хайсам Камел Ибрагим, Мысырдың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Көрмеге тарих үшін өте құнды Бейбарыс сұлтанның заманынан жеткен жәдігерлер әкелінді. Бұл заттар Мысыр елінен өте сирек шығарылады. Десе де Астанада өтіп жатқан ЭКСПО кезінде бағалы бұйымдарды көпшілікке көрсетуді жөн санадық.

Тоғжан Әділбекова, ҚР Ұлттық музейі Көрме және экспозция қызметінің басшысы: 

- Әрбір билеушінің өзінің таңбасы болады. Бейбарыс сұлтанның таңбасы - ол арыстан. Мынау өте ерекше елтаңба. Ол мәрмәрден жасалған өзінің салмағы 60 келіден де көп болады.

Хабар 24 телеарнасы